Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұғалім оқушыны соққыға жықты деп айыпталуда

Талғарда мектеп мұғалімі өзінің сабақ беруіне кедергі келтірген оқушыны “құлағынан сүйрелеп”, оның денсаулығына зиян келтірген.

9443951

Сурет РИА Новости сайтынан алынды

Алматы облысында полиция мектеп мұғалімінің өрескел қылығына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ұстаз оқушыны соққыға жықты деп күдікке ілінген, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменітің баспасөз қызметі.

Талғар аудандық ішкі істер басқармасына өзінің 10 жастағы ұлын ұрды деп 37 жасар келіншек шағым түсірген. Іздеу жұмыстары нәтижесінде құқық қорғаушылар Талғар мектептерінің біріндегі мұғалімді ұстаған.

“Күдіктіге ҚР ҚК 107 бабы бойынша “Адам денсаулығына әдейі зиян келтіру” негізінде айып тағылып отыр. Нақты шешім сарапшы-дәрігерлердің зерттеуінен кейін белгілі болады. Ал негізінде бірнеше жылдық педагогикалық тәжірибесі бар 55 жастағы әйел, расымен де оқушысының құлағынан сүйрелегенін мойындаған”, – делінген хабарламада.

Талғар аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бұл іс бойынша сотқа дейінгі шараларды жалғастырып жатыр.

Талқылау