Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мешітке келушілердің ұялы телефонын ұрлайтын әйел ұсталды 

Облыстың Балқаш ауданына қарасты Бірлік ауылының мешітінде намаз уақыты кезінде келушілердің қалтасынан ұялы телефондарды ұрлаған күдікті әйел тұтқындалды.

jduFrQM7fXw

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жедел іздестіру шараларынан кейін жоғалған екі телефон 30 жастағы күдіктіден  табылған.

Дәл осындай келеңсіз жағдай 2015 жылы желтоқсан айында Талдықорғанның  мешітінде болған.  Ол кезде жұма намазға келген азамат аяқ кииім ұрлаған. Бір қызығы аяқ киім таңдаy сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Күдікті кіреберісте телефонмен сөйлескен болып жүріп алады. Санаулы минуттарда ұнағанын тауып, киіп кете берген. Іздестіру шаралары ұзаққа созылмай аяқ киім ұрлаған азамат табылып, өз кінәсін мойындайды. Медиациялық тәртіпке сәйкес айыптаушы айыпталушыны кешіріп, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Бұған дейін Талдықорғандағы мешіттке аяқ еиім ұрлап видеоға түсіп қалған жігіт жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау