Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік сот орындаушысы пара алғаны үшін сотталды

Алматы облысы ІІД баспасөз хабарлағанындай мемлекеттік сот орындаушысы  Р.Дәрімбаевқа қатысты Еңбекшіқазақ аудандық сотында сот үкімі жариялынды, – деп хабарлайды Stan.kz.

сот

Жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды аз уақытта алу үшін Р.Дәрімбаев Есік қаласының тұрғынынан 125 000 теңге пара алған.
Ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды орындардан шеттетілді.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Талқылау