Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектептің экс-директоры өз ұлын зорлап жүргені расталды

Бұрыңғы ұстаз екі айып бойынша қылмысы дәлелденді. Ол жасөспірімді зорлап, денсаулығына зақым келтірген.

Алматы облысында бұрынғы мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты. Ол өз баласын зорлап, денсаулығына зиян келтірген.

Ер адам жасөспірімді зорлаған. Яғни, 121 баптың 4 тармағы бойынша кінәсі дәлелденген. 107 баптың бірінші тармағы бойынша, саналы түрде баланың денсаулығына орташа деңгейде зақым келтірген дген күдік расталды.

Осы іс бойынша сот отырысы жабық есік жағдайында өтті.

Естеболса, осы жылдың тамызында Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны күйеуінің өз ұлын бірнеше уақыттан бері зорлап жүргені жайлы күдігі барын айтып,  полицияға арызданған болатын.

Әйел бұл туралы дәрігердің көмегіне жүгінген кезде білген. Бала үлкен дәретін ұстай алмайтын халге жеткен. Дәрігерлер бала жыныстық зорлық көрген кезде ғана осындай жағдай болуы мүмкін екенін түсіндірген.

Әйел өз күйеуінен күдіктенетінін айтып, одан мойындауды талап еткен кезде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. Қамауға алынардан бұрын ер адам жұмысынан шығып кеткен.

«Сотталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына ұстаздық етпейтін болады. Әріжасөспірімдер ортасында жұмыс істеуден шеттетіледі. Ол өз жазасын ең қауіпсіз, қатал түрмеде өтейтін болады»,-делінген хатта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Дана Кентай трансвеститтер туралы: Әр адам өз қалауынша өмір сүруі керек

1 айлық ұлын ваннада шомылдырған Шоқан Маратұлы жұртты шошытты (видео)

Экс-күйеуі Шахизаданы алдап, төрт қабатты зәулім үйін тартып алған

Алагөзов бұрынғы әйелінен дүние-мүлкін қайтару үшін сотқа қайта шағым түсірген

 

 

Талқылау