Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектепті жылыту үшін сабан жағып амалдауда

Білім аламыз деп, ауру болатын жай жоқ. Бұл Ескелді ауданы Балпық би атындағы мектепте оқитын оқушылардың ата-аналарының жанайқайы.

Безымянный

 

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Себебі мектептегі оқушылар тоңып жүр. Ғимараттағы температура небәрі 13 градус. Алайда, мектеп әкімшілігі өздерін кінәлі деп санаудан аулақ. Отын жеткілікті деуде. Оқиғаның мән жайын тілшіміз Аяулым Мұратқызы анықтап қайтты.

«Немерем бөтелкеге ып-ыстық шай құйып беруімді өтінді. Мектептке онымен қолымды жылытып отырамын дейді» — оқуышының апасы.

3 сынып оқушысы Зарина Фазылбаева сөмкесінен ыстық шайы бар  бөтелкені сыныптастарына көрсетуге ұялады. Алайда өйтпеске шара жоқ. Қайткенде бойын жылытудың амалын табуы тиіс.

«Мектепте суық болғанда, ол қолындағы ыстық шайы бар бөтелкесімен жылынып, кейін оны ішеді» — мектеп оқушысы Татьяна Орлик.

Бауыр еті баласының денсаулығы үшін әр ата-ана алаңдаулы. Олар күнделікті мектепке келіп, сыныптағы термометрді тексеріп, қолындарындағы телефондарына түсіріп отырады. Қазір мынадай суреттердің 10 шақтысы бар қолдарында. Кабинеттегі температура бүгін 16 градусты көрсетіп тұр.

«Біздің мектебіміздің ішіндегі температура түсіп кеткен. Балаларымыз тоңып отырады. Біздің өтінішімізге мектеп әкімшілігі ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Әрбірден кейін, балаларымыз денсаулығын құртуға емес, білім алуға барады ғой» — ата-аналар комитетінің төрайымы Наталья Борисенко.

Мектептің жеке қазандығы бар. Екі жыл бұрын мазутты пайдаланудан бас тартып, қазір «пеллет» деп аталатын престелген сабан түйіршіктерін қолдануда. 2012 жылдан бастап, үнемді әдіске өңірдегі 40 оқу орны көшіп үлгерген. Қолданушылардың айтуынша, осы арқылы отынды үнемдеп қана қоймай, жылу көбірек берілетін көрінеді. Ал, ата-аналар ондай болса мектеп үнемдеп отырған болар деген пікірде. Алайда, басшылықтың жауабы мүлдем басқа.

«Пеллет жеткілікті. Уақытында әкеліп тұрады. Бір сутканың нормасы 1325 кг. Күн жылыда орташа расход 1 тонна. Күн суықта нормадан асырып, тонна жарым, 1 тонна 800-дей жағып жатырмыз 1 аптадай болды. Кеше, алдыңғы күні 2 тоннаға дейін жанды» — Балпық би атындағы орта мектеп директорының орынбасары Марат Сайлаубеков.

Ата-аналар мен оқушылар үшін норманың еш маңызы да жоқ. Оларға білім ордасынан сапалы ілім алуға мұның кедергі болмағаны жеткілікті.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы ардагерлер үйінде 6 ақсақал мен әже отау құрған

Қаскелеңде баласынан айырылған ата-ана тергеушілерге ашулы

Айгүл Мүкей Шымкентте Серік Ибрагимовтің әніне шыр айналып биледі (видео)

Майлыбаевпен бірге ұсталған шенеунік бір ай бұрын ғана “Құрмет” орденін алған

Талқылау