Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектеп оқушысы пышақпен қорқытып дүкенді тонаған

Ескелді ауданнының полиция бөлімшесіне Қарабұлақ кентіндегі дүкен иесі хабарласып, бетперде киген әлдекімнің пышақпен қорқытып, 15 мың теңгесін алып кеткенін айтқан.

8

Бұл туралы аймақтық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысының полицейлері пышақпен қорқытып дүкен тонаған деген күдікпен кәмілеттік жасқа толмаған оқушыны ұстады.

Ескелді ауданнының полиция бөлімшесіне Қарабұлақ кентіндегі дүкен иесі хабарласып, бетперде киген әлдекімнің пышақпен қорқытып, 15 мың теңгесін алып кеткенін айтқан.

Аталған орынға жедел жеткен полицейлер тонаушының ізіне ит салып, нәтижесінде жақын маңнан 17 жастағы мектеп оқушысын ұстады.

ҚР ҚК 192 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша тергеу жұмыстары кезінде кепілге жіберілді.

Талқылау