Алматы облысында мас әйел полицейді тістеп алды

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 8:14

Тәртіп сақшысын тістеп алған 30 жастағы Талғар ауданының әйел тұрғынына қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

zzzzer

Сурет xakac.info

Оқиға 28-інен 29-на қараған түні Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында болған. Қатты мас күйде болған әйелді полиция тәртіпке шақырып, тынышталдырмақшы болған.

“Қоғамдық орында әйел мас күйінде ерсі қылықтар жасағандықтан, учаскелік полиция оған қарсы тыныштандыру шарасын қабылдамақ болған. Ол әкімшілік хаттама толтырып жатқан сәтте әйел полицияның иығынан тістеп алған”, – делінген хабарламада.

Күдікті полиция бөлімшесіне апарған. Сараптама нәтижесі бойынша ұсталған әйел орта деңгейдегі мас күйде болған. Жараны емдеуге арналған профилактикалық шаралардан соң полицей қайтадан жұмысын жалғастырған. Ал билік өкіліне қарсы әрекет жасаған әйелдің ісіне орай қылмыстық іс қозғалатын болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Айел адамдарга шектеу койса гой,ишуге,или мулдем ишкизбесе!!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар