Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында “маньяк” туралы қауесет таратқан әйел жауапқа тартылуда

Алматы облысының 28 жастағы тұрғыны жаппай кісі өлімі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

10 қаңтарда WhatSapp желісі арқылы мынадай мәтін тарап кеттті: “Сарқанда маньяк пайда болды. Полиция тұрғындардың барлығына есіктеріңді кілттеп жүріңдер деп ескертті. Кеше түнде өзен бойында әйелді, ер адамды және балаларды өлтірген. Бізге ескертті, жақындарыңа да ескертіңдер деді”.

Тексеріс барысында ақпарат расталмай, полиция жалған ақпарат таратқан адамға іздеу салған еді.

“Жедел іздестіру шаралары кезінде 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Әйел WhatSapp-тағы бір топқа осы туралы хабарлама жібергенін мойындады. Бұл ақпарат туралы оған оның күйеуі ауызша түрде айтқан. Ал күйеуі оны дүкендегі адамдардың әңгімесінен естігенін айтты. Бір сөзбен айтқанда негізі жоқ әңгіме (өсек) болып шықты”, – дейді аймқтың ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодесінің 274- бабы бойынша іс қозғалды.

Тағы оқыңыз:

Семейде байқаусызда кілттеніп қалған пәтердегі нәресте құтқарылды

Теміртаулықтар Әлия Назарбаеваға петиция жолдамақ

Ақтөбеде өзіне қол салған офицердің әйелі: Оны біреулер қуып атты немесе өзін атуға мәжбүрледі

Павлодарда боран күні туған сәби шетінеп кетті

Талқылау