Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында күйіп қалған балаға Сеулде төртінші рет ота жасалмақ

Алматы облысындағы өрт кезінде қатты күйіп қалған 7 жасар Коля Классенге Оңтүстік Кореяда тағы бір ота жасалмақ. Жуырда ғана жеткіншекке беті мен мойын терісін ауыстыру бойынша операция жасалған болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында күйіп қалған балаға Сеулде төртінші рет ота жасалмақ

«Біздің Коля ержүрек. Тәні ауырса да байсалдылық танытады. Құдайға шүкір, оның денесі жасанды теріні қабылдамай қойған жоқ. Ең бастысы, көрсеткіштері жақсарды. Енді ол емін-еркін күліп, аузын аша алады. Операцияға дейін оны жасай алмайтын. Себебі терісі тартылып қалған еді. Енді алдағы күзде төртінші рет операция жасатамыз”, – деді “Ковчег” балалар үйінің директоры Марина Сугакова.

Келесі ота денесінің қай бөлігіне жасалатыны әзірге белгісіз. Оны дәрігерлер бала Сеулге келгеннен кейін айтатын болады.

Ал бүлдіршіннің өмірі барша қазақстандықтардың бақылауында. Балалар үйі директорының айтуынша, Коляны қолдайтын әрі жақсы көретін достары көбейген.

«Ол адам жатырқамайды. Аружан Саин ол туралы айта бастағаннан кейін баланың достары көбейген. Қордың арқасында жиналған ақша Коляның тек физикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, оның жалғыз емес екенін сезінуге көмектесті. Маған күніне 7-10 адамнан хабарласты. Барлығын Николайдың жағдайы қызықтырады. Тіпті, кейбіреулері ауруханаға келетін. Енді ол өзін “жұлдыз” санайды. Қалжыңдап әрине», – дейді директор.

Алматы облысында күйіп қалған балаға Сеулде төртінші рет ота жасалмақ

Бұған дейін жеткіншекке Алматы және Астана қалаларында, ал биылғы жылдың ақпан айында Оңтүстік Кореяда ота жасалды. Операцияның құны 70 мың долларды құраған.

Еске сала кетейік, бала 2015 жылы Алматы облысының Талғар қаласында жарылған пештің салдарынан күйіп қалды. Оның денесін 50 пайызға күйіп шалған.

Анықталғандай ішімдікке салынған анасы Коля мен оның әпкесіне дұрыс қарамаған. Балалар мектепке бармаған.

2017 жылдың желтоқсан айында Коляның жағдайы туралы Аружан Саин дабыл қаққаннан кейін, көпшілік Коляның мәселесіне назар аударды.


Күйіп қалғанда алғашқы көмек көрсету: не істеуге болады және болмайды

Талқылау