Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында күйеуін заңсыз жұмысқа алған колледж директоры жауапқа тартылды

Алматы облысында колледж директоры қызметін асыра пайдаланғаны үшін айыпты болды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

5922-6-zhitelnica_kostanaya_tr_ru
Текелі кәсіби колледжінің директоры Қоқымбаева екі адамды, оның бірі күйеуі, жұмысқа қабылдаған. Алайда, жаңа қызметкерлер жұмысқа келмей, жалақы алып отырған.
Қоқымбаеваның бұйрығымен қағаз жүзінде олар күн сайын жұмысқа келген есепті толтырылып отырған. Осы әрекетімен олар білім беру мекемесіне 365 594 теңге залал келтірді.

Сот үкімімен Г.Қоқымбаева ҚР ҚК 362-бабы, 1-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, оған 1500 АЕК 2 973 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау