Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз алып қашқан жігіт жауапқа тартылды

Алматы облысында қыз алып қашқан жігітке байланысты қылмыстық іс жүріп жатыр. Полицейлер сотқа дейінгі зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

0_dari_12

Ауыл тұрғындарын дүрліктірген оқиғаға ақсақалдар да араласқан, – деп хабарлайды STAN.KZ аймақтағы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ұйғыр ауданы  ішкі істер бөлімі жас қызды заңсыз алып қашуға байланысты ақпаратты растады.  Қылмысқа 28 жастағы Шарын ауылының тұрғыны айыпты деп танылды. Оқиғаға байланысты 21 жастағы қыздың ата-анасы арыз жазған. Ал, алып қашқан жігіт қызды үйіне келін ретінде апарғанын, басқа жаман ойының болмағанын айтып ақталуда.

2015 жылдан бері 12 адам ұрлау ісі тіркелген.

 

Талқылау