Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қылмыскерді ұстап берген оқушы бала марапатталды

Алматы облысы, Іле аудандық прокуратурасы ұрыны ұстауға көмектескен 6-сынып оқушысы Абылай Сафеновты ерлігі мен азаматтық белсенділігі үшін марапаттады.

Алматы облысында қылмыскерді ұстап берген оқушы бала марапатталды

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

К. Азербаев атындағы орта мектептің акт залында өткен жиында аудандық прокуратура басшысының орынбасары Е. Миразов пен қалалық полиция басқармасының басшысы Г. Нечаев Абылайды марапаттап, оған алғыс хат пен планшет табыстады. Баланы мектеп басшылығы да назардан тыс қалдырмады.

Оқиға 2017 жылдың наурыз айында болған. Абылайхан кешкілік мектептен үйге келе жатқан. Оның артынан ерген мас ер адам баланы ұстап алып, ауызын басып, сүйрей жөнеледі. Бірақ, қылмыскер сол маңда кетіп бара жатқан қолында телефоны бар қызды көре салып, баланы тастап соған жүгіріп кетеді. Ер адам 18 жастағы қыздың қолындағы телефонды тартып алады. Ал қыз қарсылық көрсеткен кезде, оны ұра бастайды.

Осы уақытта оқушы бала оқиғаны көріп, бірақ, қорықпаған. Дереу көшеге жүгіріп шығып, көлік жүргізушілерін көмекке шақыра бастайды. Оқиға орынына көп ұзамай полиция да келіп жетеді. Қылмыскер ұсталып, жақында ғана аудандық сот үкімімен сотталды.

Баланың шешімді әрекетін естіп қуанған Іле аудандық прокуратурасы оны марапаттау керек деп шешім қабылдаған екен.

“Ол өзінің ержүректігі мен батылдығын көрсетіп, кез-келген қылмыс жағдайында орындалуы тиіс азаматтың позициясын танытты. Ол бұл қылмысты ашып беруге көмектесті. Оның әрекетінен жастар үлгі алуы тиіс”, – дедіпрокурор Нұрсұлтан Жиделбай.

 

Талқылау