Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында құтқарушылардан үміт үзген отбасы жоғалған туысын балгердің көмегімен іздеуге мәжбүр

Алматы облысында екі ер адам балық аулауға аттанып, қайғылы жағдайға душар болды. Олардың бірі өздері отырған қайықтан өлі табылды. Ал екіншісі ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Құтқарушыларыдң оның іздестіріп жатқанына 7 күн болды. Алайда туыстарының құтқарушылардың жұмысына көңілі толмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысында құтқарушылардан үміт үзген отбасы жоғалған туысын балгердің көмегімен іздеуге мәжбүр

57 жастағы Хәкімжан Файзитинов пен 55 -тегі Олег Василенко 24 қарашада Қапшағай су қоймасының Солтүстік жағалауына балық аулауға кеткен. Алайда сол күні дауыл тұрып, балықшылар қиындыққа тап болады. Өздерімен бірге байланыс құралы болмағандықтан, көмек шақырту мүмкін болмапты.

«Марқұм әкем демалыс күні таңғы сағат 11-лер шамасында туысымызбен бірге балық аулап, демалып қайтамыз деп кетіп еді. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан көлге резеңке қайықпен шыққан. Содан жоқ. Біз бірден полицияға, құтқарушыларға хабарласа бастадық. Олар тек бір тәуліктен кейін келді. Іздеу шараларына тікұшақ та сұрадық. Алайда оның құны 2 млн теңге деді», – дейді марқұмның қызы Виктория Сезинцова.

Десе де олар балық аулауға аттанар алдында жайлы жергілікті балықшылар мен төтеншеліктер дауыл болатынын бірнеше рет ескерткен. Оған құлақ аспаған балықшылар жағадан 40 шықырым алыстап кеткенде дауыл тұрған.

«Олар көлге екі адамға арналған қайықпен шыққан. Жергілікті балықшылар оның судың ортасында бір күн бойы тұрып қалғанын байқап, құтқарушыларға хабарласқан. Сөйтіп, қайықтың ішінен Хәкімжанның мәйіті табылды. Денесі үсіп қалыпты. Ал қасында отырған менің бауырым із-түссіз жоқ», – дейді Олег Василенконың әпкесі Ирина Звягинцева.

Осылайша, арада 4 күн өткеннен кейін Хәкімжан Файзитиновтың мәйіті қайықтан табылды. Ал Олег Василенконың табылмай жатқанына осымен жетінші күн болды. Оны құтқарушылар іздестіріп жатыр. Туыстарының сөзінше, құтқарушылар бірден іздестіруді бастағанда, мұндай жағдай болмайтын еді.

«СМС хабарламала таратылды.  Ол хабарламада Алматы аумағында қарашаның 24-і күні қатты дауыл болып, желдің күші 30 метрге дейін болады деген. Сол хабарламаға қарамастан екі азамат Қапшағай су қоймасына үрлемелі қайықпен шығып кеткен», – дейді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Жұртбаев.

Жоғалып кеткен ер адамның өлі не тірі екенін біле алмай дал болған туыстары құтқарушылардан қайыр болмаған жағдайда, балгерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүрміз дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау