Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында куәлігінен айырылған шенеунік көлік жүргізем деп қайта ұсталды

Алматы облысында Ұйғыр аудандық аппаратының жетекшісі көлік жүргізем деп қайта ұсталды. Ол бұған дейін мас күйінде көлік айдағаны үшін куәлігінен айырылған болатын, деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұйымдастырған тексеру кезінде полицейлер Nissan X-Trail маркалы көлікті тоқтатты. Жүргізушінің куәлігі жоқ екені белгілі болды.

Тексеру кезінде жүргізушінің куәліктен 3 жыл бұрын айырылғаны анықталды. Оған көлік жүргізуге 2018 жылдың 28 желтоқсанына дейін тыйым салынған.

“Полицейлер әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізуші ұсталған уақытта қоғамда қызу талқыға түскен еді. Исламов мемлекеттік қызметкер бола тұра тәртібіне қатысты сынға ұшырады. Заң жүзінде әкімшілік жауапқа тартылды. Этика жөніндегі обыслтық кеңесте Исламовқа қатаң сөгіс беру жөнінде ұсыныс айтты”, – дейді кеңестегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау