Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы тұрғындары көшенің жері тарылып бір бөлігі сатылып кетті деп даурығуда

Алматы облысында көшенің жері тарылып, тіпті, бір бөлігі сатылып кетті деген халық, шулап жатыр.

вв

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау аулында тұрғындар мен әкімдік арасындағы дау шешілмей келеді. Өрт болса, сөндірілмей, адам науқастанса, емделмейтінін айтқан наразы тұрғындар көшенің тарлығынан бізге арнайы техника жоламайды деп ренжиді.

Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері әкімдіктің де, заң орындарының да есігін тоздырған. Ені 12 метр болуы тиіс көше 6 метрге тарылып, ол аздай көшенің қақ ортасына үйлер салынып кеткен. Өздері бас жоспар деп көрсеткен қағазда 12 метрлік көше жолы анық байқалады. Тұрғындар барлық дауға аудан әкімдігін айыптайды.

Үш жылдан бері дауы тарқамаған Станбақ көшесі дәл осы тұсқа келгенде кілт үзіледі. Себебі ортадағы бірнеше жер телімдері сатылып кеткен. Ал көшенің келесі бетіндегі 130-дай үйдің үлкен жолмен байланысы ажыраған.

“Өрт машиналары келеді, басқа да спец машиналарға жол жоқ. Мына жерде газ алатын кісілер бар. Мусор алатындар, олар айтатын болды бізге 300 метр жерге мен артыммен жүре алмаймын ғой дейді. Шынын айтады ғой”, – дейді Станбақ көшесінің тұрғыны Арман Ерғалиев.

Жедел жәрдем шақырсақ, келмейді. Көршілерге жалынамыз, жедел жәрдемге дейін апарып тастаңдаршы деп. Машина да бола қоймайды. Енді біз жол жасап беріңдер деп отырған жоқпыз. Өзімізге положено 12 метр жолды ашып берсінші ары қарай. Ашпаймыз демейді, ашамыз дейді, бірақ қашан екені белгісіз”, -дейді Станбақ көшесінің тұрғыны Мақпал Манжурова.

Әкімдік өкілдері бәріне кінәлі тұлғалар қазір қызметтен кеткен деп құтылады. Бас жоспарды бекітіп, жағдайды реттейтін аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімі де дауды қалай шешуге болатынын білмейді.

“Тұрғын үйлер салып тастаған, заборлар қойып тастаған сплитерный блоктан. Оның бәрін қалай шешетінімізді білмеймін. Бірақ алты метр жол бар Станбақ көшесінде. Көрші массивтің ортасынан өтетін өз жолдары бар. Олар Станбақ көшесіне шықпайды”, – дейді Талғар аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы Қуаныш Әскеев.

130 үйдің халқы әзірге көрші аулаларды, бос телімдерді аттап, жолға шығып жүр. Зәулім үйлер тұрғызып, қамалдай қоршау қойған көшенің келесі бетіндегілердің де құжаттары қолында. Шулы жайт жуық арады шешімін таппайтындай.

Жіберіп алмаңыз:

Қанат Исламның соңғы жекпе-жегінде сіз бен бізді жаңылыстырған 5 дерек

Әке мен баланың оқиғасы: Әкесі өзін қорғамақ болған ұлын сабап тастаған

Павлодарлық кәсіпкер өз ақшасына баспанасыз студенттерге тегін жатақхана ашып берді

Талқылау