Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қордайлық сарбаз қаза тапты

21 мамыр күні ғимаратта бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде, құрылыстың бір бөлігі қирап, құрылыс бөлшектерінің бірі қатар тұрған 12740 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Е. Жақашевтің үстіне құлады. Ауыр жарақат алған ол Сарыөзек әскери лазеретінде көз жұмды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

20160523124854

Сурет ҚазАқпарат

12740 әскери бөлімінің жедел қызмет әскери қызметшісі 1997 жылы туған Ескендір Жақашев атқыш-зенитші болған. 2015 жылы әскерге Жамбыл облысы Қордай ауданынан шақыртылған.

Қызметтік тергеу барысында 21 мамырда 12740 әскери бөлімінде шаруашылық күні өткізілгені анықталды. Соның барысында бөлімнің және жауынгерлік көліктер тұрағының аумағында жұмыстар ұйымдастырылған.

Төтенше оқиғаның басты себебі жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Қазіргі уақытта қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына барлық материалдық төлемдер жүзеге асырылды.

Қарулы күштердің Тәртіп жарғысына сәйкес материалдар іс жүргізу үшін әскери құқық қорғау органдарына жіберілді.

Талқылау