Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көп балалы аналарға тегін киім таратылды

Алматы облысында нашақорлық пен маскүнемдіктен емделіп жүргендер жағдайы нашар отбасыларға қол ұшын созды. Олар жұрттан жинаған киім-кешегін көп балалы аналарға таратып берді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

4141

Сурет egemen.kz

Кезінде жағымсыз әдетке салынып, бірақ кейін ес жиған азаматтар шалбар, көйлек секілді киімдерді әкеліпті. Бұлар бұрын киілгенімен, тап-таз етіп жуылған. Бұрынғы нашақорлар мен маскүнемдер жұрттан қайырымдылыққа деп жинаған заттарын жағдайы нашар отбасыларға теңдей таратып берді.

Мұндай қамқорлыққа айлығы шайлығына жетпей жүргендер ризалығын білдірді. Әсіресе, көп балалы аналар қарық боп қалды. Киім-кешек бағасы шарықтап тұрғанда бұл қайырымдылық шарасы олар үшін үлкен көмек болған. Жаман әдеттен арылуға тырысып жүргендермен қатар бұрын қоқыс ақтарып күнелткендер де шараға белсене араласып, қыз-келіншектерге арналған аяқ киім таратты.

“Лайықты киім, мынадай киімді армандауға болады! Мен өзіме мысалы бас киім, тағы керекті замогы бар свитер арман еді, сондай іздеп жүрмін”, – дейді Асқар Исабайұлы.

Талқылау