Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көңілдесін өлтірген әйел сотталды

Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кісі өлтірген Қарасай ауданының 29 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

200246789-001

Фото: oren1.ru 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сот баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс 2016 жылы Қарасай ауданы Іргелі кентінде орын алған. Әйел көңілдесімен ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалады, ер адам оған қол жұмсаған сәтте әйел оның мойын тұсын пышақпен тіліп жібереді. Жедел жәрдем келгенше жарақаттан ер адам көз жұмады.

Сот үкімімен әйел ҚР ҚК 99-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды, оған жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 9 жыл бас бостандығынанан айыру үкімі тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда психикалық ауруханадан қашқан ер адам ұсталды

Әубәкіровтің өліміне күдіктілер адам зорлау бабы бойынша да жауапқа тартылмақшы

Қазақстанда есірткі қосылған арақ сатылуда

Алматыда адасып қалған 4 жасар бүлдіршіннің анасы табылды

Талқылау