Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көкек ана бір айлық сәбиін көшеге жалаңаш тастап кеткен

Облыс тұрғыны таңғы сағат  8 шамасында өз ауласына жақын маңнан жалаңаш шырылдап жылаған сәбиді тауып алған. Бірден жылы жерге кіргізіп тамақтандыруға тырысқан, деп хабарлайды STAN.KZ

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Жаурап қалған балаға алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін куәгер жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан. Дәрігерлер баланың суықта біраз жаурап қалғанын айтуда. Бірнеше сағаттың ішінде тексеруден өткен баланы дәрігерлер құжат дайындап  балалар үйіне өткізетінін айтады.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

 

Қарасай ауданының ішкістер басқармасы қызметкерлері көкек ананы іздестіріп жатыр. Табылған жағдайда ҚР  ҚК  119 бабы бойынша өз баласын қауіпті жағдайда қалдырғаны жауапқа тартылатын болады.

Талқылау