Алматы облысында қарулы топ бизнесменнің үйіне басып кіріп тонап кетті

Сейсенбі, 8 Тамыз , 2017 10:19

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында қаруланып, беттеріне маска киген үш адам бизнесменнің үйін тонап кеткен. Қазір полиция үш күдіктіні ұстады.

551d90709b4cb

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция мәліметінше, 17 шілде күні үйге басып кірген үш адам ересек адам мен 16 жастағы жасөспірімнің ауыздарын скотчпен бекітіп тастаған.

Қылмыскерлер әшекей бұйымдар, әртүрлі валютамен сақталған ақшаны ұрлап кеткен. Ұрланған қаржы көлемі 1 миллион теңгені құрайды.

“Криминалды полиция жүргізген жедел тексеру барысында үш күдікті ұстады. Оның екеуі Алматыда тұрса, біреуі көрші Құрылысшы ауылының тұрғыны. Үшеуі де бұрын түрлі қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылған”, – деп хабарлады ІІД.

Оқи отырыңыз:

Алматыда төбелесіп жатқан мас жігіттердің бірі полицейдің басын жарып қойды (фото)

Елімізде соңғы тәуліктерде 11 адам суға кетті

Астанада өзіне қол салған қыздың артында 2 жасар сәбиі қалған

Ақмола облысында көліктің дөңгелегі жарылып, баласы мен анасы көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар