Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ірі жол апатынан 21 адам зардап шекті

Алматы-Бішкек тасжолынан 23 шақырым жерде жол апаты болып, 21 адам зардап шекті.

Зардап шеккендердің бәрі Қаскелең қаласына ауруханаға жеткізілді.

“21 адам дәрігерге қаралды. Бірі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 адам ауруханаға жатқызылды. Өзгелері бақылауда”, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мәліметтерге сүйенсек, микроавтобус пен автобус қақтығысқан. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ.

“Қазір тергеу жүріп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің бақылауында”, – деді аталған ведомства басшысы Көбейхан Нұрахметов.

Жол апатының видеосы желіге тарап үлгерді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау