Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында гипстан соң көз жұмған азаматтың туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Алматы облысында 46 жастағы тұрғын баспалдақтан аяғы тайып құлап, қолы сынған. Онысы гипсталған соң 3 күн бойы сырқырап ауырып, ақыры ажал құшты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

5454545

Қайғы жұтқан туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Себебі, бірнеше рет қаралуға барғанда, олар тек ауруды басатын дәрі егіп, үйіне қайтарып жібере берген. Сөйтіп науқастың жарасы іріңдеп, отаға жетпей көз жұмған.

Амантай Шурабаев сынығын орнына салып, гипстағанымен ауырғаны қоймаған соң 3 күн бойы аурухананың табалдырығын тоздырған. Бірақ ондағылар тек дәрі егіп, үйіне қайтарып жіберіпті.

“Ауырсынғаннан шок алған деп қарап тұр. Қолынан қан мен ірің ағып жатыр. Қолын қайтадан байлап тастады”, – дейді марқұмның жесірі Кәмшат Қожахметова.

Ауырғаны басылмай, бірнеше күн көз ілмеген отағасы ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Бірақ дәрігерлер тым кеш қалыпты. Марқұмның туыстары енді сараптама жасатып, істің ақ-қарасын өздері анықтамақшы.

“Сот медицина сарапшыларының сараптамасын көрсек, қан бармағаннан қарайып, шіріп кеткен деп отыр. Мына жерден қан мен ірің аға бастаған”, – дейді марқұмның туысы Азат Дінәлиев.

Ал Талғар аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек толық көлемде көрсетілді деп отыр. Олар қолды екі мәрте рентгенге түсіріп, сүйектің дұрыс салынғанына көз жеткізген екен. Енді тіпті, аурудың асқынуына марқұмның жақындарын кінәлауда.

“Сынған жерде ісік болады, ісік болған жерде қанның айналымы қиындайды. Сынықшыларға барған, гипсын шешкен. Айтуларынша сол кезде дұрыс салмаған. Біз оның анығын білмейміз”, -деді Талғар аудандық ауруханасының травмотологы Төлейбай Айнабеков.

Артында 4 баласы қалған 46 жастағы Амантай Шурабаевтың өліміне дәрігерлердің кінәсі бар-жоғын енді мамандар анықтауы тиіс. Қара жамылған отбасы Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігіне дейін арыз жолдап қойған.

Оқи отырыңыз:

Күйеужігіті жол апатына түсіп аяғынан айырылған Талдықорған тұрғынын тастап кетті

Дәрігерлер бұдан былай барлық жастағы адамдарға тіс өсіруді ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Банкідегі тұздалған тағамдар неге зиян?

Талқылау