Алматы облысында ерекше емшілік қасиетімен аты шыққан емшіге халық күндіз-түні ағылуда (видео)

Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғыны халықтың жылдар бойы айыға алмай жүрген сырқаттарынан құлан таза сауықтырып, сәбидің іңгәлаған дауысын естуді армандаған әйелдерге ана бақытын сыйлайды. Ерлан Түреевтің қасиетіне қайран қалған халық оның қабілеті туралы ауыздан ауызға таратып, тіпті дәрігерлер емдей алмаған адамдарды жазады деседі. Осыған орай Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Ерлан Түреевтің қабылдауына жазылып, науқастанған, жарақаттанған адамдарды қалай емдейтінін көріп қайтты.

Алматы облысында ерекше емшілік қасиетімен аты шыққан емшіге халық күндіз-түні ағылуда

Ерлан Түреев бойына атадан дарыған Құдай берген емдік қасиетінің арқасында көптеген науқастарды емдеп, олардың разылығына ие болып жүр. Мұндай игі іспен айналысып келе жатқанына биыл жиырма сегіз жыл болған екен. Әрі аталған қасиет емшіге атадан тараған мұра, сол мұраны жаңғыртып отырған тоғызыншы ұрпақ болып саналады.

Ерлан ағаның басты қабілеті – ол сынық салатыны. Бұдан бөлек омыртқаның қисаюына байланысты ішкі ағзада пайда болатын ауруларды, құйымшақ ауруларын жазады. Сонымен қатар, сиқалық жүйкені (седалищный нерв – ред.) емдеу арқылы әр жерде пайда болған жарықты («грыжа» – ред.) емдейді. Емшінің айтуынша көптеген аурулар омыртқаның қисаюына байланысты пайда болады. Омыртқа, құйымшаққа қатысты кінараттар тіпті бедеулікке де әкеп соғады екен.

«Адамның бойындағы көптеген ауруларға омыртқаның қисаюы себеп болады. Көп жандар өздерінің ауруларының нақты неден пайда болғанын білмей жатады. Тіпті бала кезде құлап құйымшағын ауыртып алса, сол өсе келе денсаулыққа бір зақым келтіруі мүмкін. Денеден өткен суық алдымен жұлын жүйкелерінен өтеді, артынша ол ішкі ағзаларға береді», – дейді емші.

Алматы облысында ерекше емшілік қасиетімен аты шыққан емшіге халық күндіз-түні ағылуда

Сынықшылық қабілеті бар адам қалайша бедеуліктен айықтырады деген сұрақ бізді де қызықтырды.

«Бедеулік деген көп жағдайда болады. Омыртқа қисаяды, сол себепті жатырдың жұмысы да бұзылуы мүмкін. Өйткені омыртқадан келіп тұрған дәрумендер жеткіліксіз болады. Жүйкелердің жұмысы бұзылғандықтан әйел адамда етеккір циклының бұзылуы пайда бола бастайды. Бұның бәрі екі трубаның бітелуіне, аналық бездің әлсіздігіне әкеп соғады. Ал оны мен ұстап көріп сеземін, кінарат байқаған кезде омыртқаның сүйектерін орнына қойып, қан жүгіртеміз. Артынша қажет болып жатса уқалау процессін жасаймын. Әрине, бәрі Алланың қолында, біз тек себепшіміз», – дейді Ерлан Түкеев.

Ер азаматтардың да бедеулігін емдейтін емші басты себеп суық өтуден деп отыр. Сол өткен суық құйымшаққа зақым келтірсе, бірден ерлер ұрығының белсенділігі азаятын сынды.

Шамалғандық сынықшыға науқастар таңғы сағат алтыдан бастап келеді екен. Қабылдау уақыты таңғы 9-11 аралығы ғана болса да, қиналған азаматтар кезекте тұрып, қабылдауына кірмей кетпейтін сынды. Суық күні өзіне келген азаматтарды емдеумен қатар, оларға ыстық шай беріп, қасында жүрген көмекшісі Айнұр ары қарай емделулері туралы толық ақпаратты ұсынады.

Қабылдау уақыты шектеулі болғанымен алдына келіп тұрған науқасты қайтармайтынын айтқан Ерлан аға кейбір кездері тапжылмай 10 сағаттан емдейтінін жеткізді.

Біз емшіге барған күні де азаматтар ерте барған екен. Қабылдау бөлмесіне кіріп, азаматтарды емдеу сәтіне куә болдық. Сол күні көбі аяқ-қолдарының сынығымен немесе шығып кету себептерімен келген. Иығындағы бұғанасы шығып кеткен, әрі жіңішке сүйегі сынып кеткен 14 жасар баланы ата-анасы ертіп келген екен. Оның сынығын салып, шыққан жерін орнына келтіру жарты сағаттай уақыт алды.

Баланың ата-анасының айтуынша, дәрігерлер ота жасауды ұсынған, алайда отамен басқа жеріне зақым келтіріп аламыз ба деп қорыққан олар осы Ерлан ағаның қабілетіне сенім артып, бірінші рет келіп тұрмағандарын айтады.

Келесі келген науқас та емшіні бұрыннан білетінін мәлімдеді. Оның ұлы Түркияда оқып жүріп иығын сындырған көрінеді. Сырт елде ота жасауға көнбеген ұлын Ерлан ағаға әкеп сынығын салдыртқан. Артынша сүйегінің қалыптасуын рентген түсірілімі арқылы көрген дәрігерлердің өзі таң қалған. Ал бүгінде қолын шығарып, саусағын сындырып алған інісін әкелген әйел емшінің қабілетіне еш күмән келтірместен сенетінін айтты.

Сізге өтірік, бізге шын әлгі азаматтың сынған саусағын бір сәтте ақ бір ғана қимылмен орнына қойды. Таңырқаған бізге көмекшісі бұндай жағдайдың олар үшін қалыпты екенін айтып сендірді.

Өзінің қабілетін сөзбен емес, іспен дәлелдейтін Ерлан Түреев барлығын көзбен көрген дұрыс дейді. Сол үшін де көмекшісі барлық емдеу рәсімдерін фотоға немесе видеоға түсіріп алғанды жөн санайды.

Қарапайымдылықты жақсы көретін Ерлан Түреевтің бөлмесі де басқа емшілердікінен ерекше деп айтуға болады. Алған марапаты мен жеткен жетістіктері көп болса да, оларды шетте тұрған шкафқа тығып қойған екен. Оның айтуынша ең бастысы алған марапаттары емес, келген адамдардың сауығып кеткені.

Алматы облысында ерекше емшілік қасиетімен аты шыққан емшіге халық күндіз-түні ағылуда

Науқастардың арасындағы ерекше диагнозбен келгендерін есіне алған Ерлан Түкеев тіпті Паркинсон ауруына шалдыққан науқасты жазып шыққанын айтады.

Орнынан тұра алмай жатқан басқа аймақтағы науқастар да Ерлан ағаға арнайы шақыртулар жібереді екен. Тіпті танымал тұлғалардың біразы емшіні танып қалған сынды.

Алматы облысында ерекше емшілік қасиетімен аты шыққан емшіге халық күндіз-түні ағылуда

Алматы облысында ерекше емшілік қасиетімен аты шыққан емшіге халық күндіз-түні ағылуда

Қабылдауын аяқтаған емші Ерлан аға бізді де қарап, қай жерлерімізде дерт бар екенін анықтап көрді. Сұрамастан ауыратын нүктелерді ұстап, қалай емделу керектігін айтып, бірнеше кеңес берді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар