Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам 39 жыл бойы ешқандай құжатсыз өмір сүріп келген

Алматы облысында 39 жастағы ер адам осы кезге дейін ешқандай құжатсыз өмір сүріп келген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

щдщд

4 сәуір күні Ескелді аудандық прокуратурасына оның анасы хабарласып, ұлының құжаттарын рәсімдеуге өтініш білдірген. Әйел 1977 жылы 15 сәуірде Ескелді ауданы, Қоңыр ауылында ұлын медициналық мекемеден тыс жерде өмірге әкелген. Сол себепті балаға туу туралы куәлік алынбаған.

“Ескелді аудандық сот аудандық прокуратураға келіп түскен өтінішті қанағаттандырды. Шешім шыққаннан кейін ер адам құзырлы органдарға хабарласып, құжаттарын рәсімдеуге кірісуіне болады”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Ал Ескелді аудандық прокуратурасының прокуроры Дархан Азнағұлов ер адамның әскери билет алып, некесін тіркеткенін де мәлімдеді.

“Ол үйде дүниеге келген. Сол уақыттан бері ол адамда әскери билеттен басқа құжат болмаған. Ол тіпті мектепке барып, аттестат та алыпты. Бірақ, біз оның мектепті қандай құжат негізінде бітіріп шыққанын білмейміз. Аттестат алып, кейін оны жоғалтып алыпты. Ал мектеп болса оның аттестат алғанын растады, бірақ басқа құжаттары сақталмағанын айтты. Әскери билетінде еш құжаты жоқ деген белгі тұр”, – дейді ол.

Ата-анасы болса мал баққандықтан, тауда тұрған. Оның әйелі, үш баласы бар. Некеге тұрған кезде, ол қандай да бір уақытша анықтаманы көрсеткен екен.

Талқылау