Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі мектеп оқушысы адам өлтірген күдіктілерді ұстап берді

11 қаңдарда Өтеген батыр кентінің №38 мектеп-гимназиясына жақын маңда жоғарғы сынып оқушылары Данияр Отарбаев пен Заманбек Тоғызбаев үш азаматтың төбелесін көріп қалады. Біреуін өлтіріп, қашпақшы болған күдіктілерді екі оқушы ұстаған.

10769700

Бұл туралы Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысында адам өлтіруге әрекеттенген қылмыскерлерді ұстап берген екі мектеп оқушысын марапаттады.

11 қаңдарда Өтеген батыр кентінің №38 мектеп-гимназиясына жақын маңда жоғарғы сынып оқушылары Данияр Отарбаев пен Заманбек Тоғызбаев үш азаматтың төбелесін көріп қалады. Екі оқушы еш саспастан сыныптастарын көмекке шақырып, мұғалімдер мен мектептегі екі полицейді шақырған.

Пышақтан жарақат алып,  көп қан кеткен біреуі сол жерде көз жұмған.

Адамдарды көрген сәтте күдіктілер ізін суытпақ болып жасырынады. Алайда, екі оқушы оларды ұстап алып, жерге жатқызып, біреуінің пышағын тартып алады. Сөйтіп, мектеп инспекторлары келгенше сыныптастарымен бірге оларды жібермей тұрған.

Қазір екі күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер оқушылар мен мұғалімдердге алғыс айтып, күдіктілердің ұсталуына ат салысқан барлық қатысушыларға марапат қағазы мен облыстық полиция генерал-майоры Мұрат Урумхановтың атынан сағаттар табыс етті.

ІІД хабарлайынша, екі оқушы спортпен айналысады екен. Оларды болашақта полиция қызметіне жұмысқа шақырды.

Талқылау