Алматы облысында екі BMW көлігі соқтығысып, бірі 140 метрге ұшып кетті

Алматы облысының Іле ауданында ірі жол апаты болды.

Жол апаты Казцик пен Комсомол ауылдарының аралығында болды, деп хабарлайды Sputnik.

Куәгерлердің айтуынша, екі BMW 5 көлігі солтүстік бағытқа қарай жүйткіп бара жатады. Қара түсті BMW ауылға бұрыла бергенде, екінші жасыл түсті BMW қарсы бетке шығып, қуып өтпек болады. Қара BMW екінші көлікке жанымен қақтығысады. Қатты соққыдан жасыл көлік 140 метрге ұшып кетті. Екі көлік те жарамсыз болып қалды.

Жасыл көліктегі үш жолаушы зардап шекті. Олар ауыр күйде ауруханаға жеткізілді.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр