Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі баласынан айырылған ана дәрігерлерді кінәлап отыр

Екі баласынан айырылған ана бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Мария Каверзина алдымен 3 жасар баласынан айырылды. Екі жылдан соң жаңа туған сәбиінен айырылды. Ол бала өлімінің көп екенін айтады. Алайда дәрігерлер бала өлімінің санын қалыпты жағдай санап отыр.

Арина бір ай да өмір сүрместен шетінеп кетті. Өмірге сау болып келгенімен 23 күн толғанда құса бастайды. Баланы орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызады. Екі күннен соң сол жерде мерт болды, деп хабарлайды 31 арна. 

Анасы дәл осы ауруханада екі жыл бұрын 3 жасар баласы Игорьдің көз жұмғанын айтты.

«Бірінші баламның жүрегі тоқтап қалғанда, екінші балаңызды ойлаңыз деді. Екінші балам жансақтау бөліміне түскенде мен қорқа бастадым. Ол жерден алып кетпейтінімді білдім»,-  дейді анасы.

Алдын ала қойылған диагноз – екіжақты пневмония, қаназдық, бас миының ісігі. Бірақ анасы баланың анализдері жақсы болған деп сендірді.

«Анализді 10 күн күттік. Еш мөрсіз, аты-жөнсіз қағаз берді», – дейді Мария Каверзина.

«Биохимия талдауларымен расталған гипотермия белгілері, дене температурасының төмендігі, тыныс алу жетіспеушілігі және орталық жүйке жүйесіне зиянды-уытты-гипоксиялық зақымдары болды», – дейді Қаратал аудандық ауруханасының орынбасары Жанетта Оязбаева.

Мария Каверзина ауруханада баласынан айырылған жалғыз ғана ана емес. Үштөбе тұрғыны Людмила Матвеева ұлының дұрыс диагноз қойылмағандықтан көз жұмғанын айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бала өлмінінің орташа есепте тұрғанын айтты. Биылғы жылы аталған ауруханада 7 бала көз жұмған.

Аринаның ата-анасы прокуратурға арыз жазып, істі тексеруді талап етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау