Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дәретханаға тасталған балаға талас күшейіп жатыр

Дәретханаға тасталған балаға талас күшейді. Алматы облысы Ақши ауылында нәжіс арасынан табылған сәбиді үйдің иелері де, көкек ананың шешесі де қайтарып алуға құлшынып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

89f2cc90198a059a346865727aeb80c4_L

Сурет: kazdala.kz 

Әзірге құзырлы органдар туыстарына рұқсат берген жоқ. Қарлығаш есімді сәби бұл күнде балалар ауруханасында. Ал нағашылары болса нәрестені алған бойда алдымен тегін өзгертпек.

Шулы оқиғадан Ақши ауылы түгел хабардар. Елде жоқ әрекеттің куәсі болған Шаншарбековтер әулеті де әлі күнге ес жия алмай отыр. Сол күні әдеттегідей ерте тұрған Сақыш әже баланы алғаш көрген сәтте қатты абдырағанын айтады.

-“Айта алмаймын. Қорқынышты. Денем дірілдегенде түс ауғанша өзіме ие бола алмадым ғой. Дәретханаға барайын деп шыққанда жылап жатқан баланың даусын естідім. Содан жүгіріп кеп көршіме кірдім де көмек сұрадым. Ішінен баланы алып қайтадан орнына қойып қойдым”, – дейді Алтынайдың нағашы әжесі Сақыш Шаншарбекова.

Нәресте табылған дәретхананың ішінде қабырғасы опырылып, құдай сақтап, бала сол құрғақ топырақтың үстіне түскен екен. Үй иесі дәретхананы бұзып, шақалақты сатымен алып шығыпты. Айдар қазір болған жайды есіне алғысы да келмейді. Ол үшін басты мәселе – баланы қалайда өздеріне қайтарып алу.

-“Баланы алып қалсақ  дейміз. Өзімізге.  Әжесі де алып қалғысы келеді. Енді Алланың берген баласы ғой.  Енді мен ойлаймын, оның атын өзгертпейміз. Қарлығаш болып қала берсін. Енді фамилиясы, басқасы өзгереді”, – дейді  Алтынайдың нағашы ағасы Айдар Шаншарбеков.

11 құрсақ көтеріп, олардан 18 немере, 2 шөбере сүйіп отырған Сақыш қария кішкентай Қарлығашты асырап алғысы келеді. Бірақ, сәбиге талас күшейіп тұр. Өйткені, оны Алтынайдың шешесі де бауырына баспақшы. Бірақ оны енді сот орындары шешеді. Ал оң босағада отырып бала тапқан Алтынай есімді 22 жастағы қыз бұл үйге жиеншар боп келеді екен. Ол қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Жауапкершілікке қызды жүкті еткен жауапсыз әке де тартылуы мүмкін.

Бұған дейін нәрестенің дәретхана шұңқырынан табылғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Пойызда босанған әйел нәрестесін вагоннан лақтырып жіберген

Талқылау