Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатынан бес адам мерт болды

Алматы-Өскемен жолында болған жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды, тағы бес азамат ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға 27 қазан күні кешкі уақытта орын алған.

Алматы облыстық ІІД-де аталмыш оқиғаны растады. сондай-ақ, жол апатынын Алматы-Өскемен трассасының 526-километрінде Балапаново ауылына жақын жерде болғаны хабарланды. Онда Geely SC 7 және Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

Ауруханаға жеткізілгендердің арасында екі кішкентай бала бар.

“Жол апатына байланысты бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінде.

Оқи отырыңыз: 

Қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел не себепті мұндай әрекетке барғанын айтты (видео)

Алматыда әккі ұры көпшіліктің көзінше бағалы телефонды ұрлап алды (видео)

Ақтөбеде екі қыз бұзылып қалған көлікті өздері итерді

Талқылау