Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір отбасын пышақпен қорқытып, үйін тонап кеткендер ұсталды

Полицейлер Алматы облысының Қырғауылды ауылында бір үйді тонап кеткен екі күдіктіні ұстаған. Бұл туралы аймақтың ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

c47720a7307383ddf76837c7707893d6.i750x498x529

Сурет news.pn сайтынан алынды

15 ақпанда Қарасай ауданының полиция бөлімшесіне бейтаныс біреулердің өзі мен анасын, бала күтушісін және екі баласын байлап, пышақпен қорқытып, үйдегі қымбат тәшекейлер мен ақшасын жымқырып кеткені жайлы арызданған. Шығынның барлығы 12 миллион 416 мың 600 теңгені құраған.

Жедел іздеу шаралары барысында 25 жастағы және 31 жастағы екі азамат ұсталды. Олар аудандық полиция бөлімінде жауап беріп жатыр.

Іздеу барысында ұсталғандардың бірінің қалтасынан жоғалған заттардың кейбірі табылған.

Қазір ҚР ҚК «Қарақшылық» 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау