Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір мезетте ондаған көлік соқтығысып, апатты жағдай орын алды

Алматы-Қапшағай тас жолында бір күнде 15-тен астам көлік апаты тіркелді. Арасында жеңіл көліктерден өзге қалааралық автобустар мен ауыр техника және полиция машинасы да бар.

Безымянный

Бұл туралы КТК арнасы хабарласады.

Жаңбыр жауып, артынан аяз тұрғандықтан бетон құйылған теп-тегіс жолдың беті айнадай мұзға айналған. Салдарынан баяу жылдамдықпен келе жатқан көліктердің өзі тоқтай алмай, бір-бірімен соқтығысыпты. Қапшағай қалалық ауруханасына түрлі дәрежедегі жарақат алған оннан астам адам жеткізілді. Қазіргі таңда біреуінен басқасы үйлеріне жіберіліпті. Негізі, тас жолды арнайы тұз қосындысы бар реагенттермен тазартуға болмайды екен. Ол бетонның ерте зақымдануына алып келеді. Ал жауаптылар құм төсейміз дегенше жүргізушілер тақтайдай жолдың да азабын тартуда.

Талқылау