Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір айдай бұрын жоғалған қыз табылмай жатыр

17 жастағы Зере Серікбаева тісін емдетуге шығып, содан із-түссіз кеткен. Жақындары бастапқыда бойжеткенді алып қашқан болу керек деп көңіл жұбатыпты. Алайда, хабаршылап сол күйі ешкім келмеген, деп хабарлайды КТК.

кпкп

Ата-ананың бейқамдығынан полицияға да хабар кеш жеткен. Десе де, қамкөңіл анасы қызының тірі екеніне сенімді. Сондықтан, көрген білгендер болса көмек сұрайды.

Етегі жасқа толған ана бір айдан бері есікке қарап елеңдеумен отыр. Тұла бойы тұңғышы тісін емдетуге кетіп, содан келмеген. Анасының айтуынша, 17-дегі бойжеткеннің артық жүрісі болмапты. Сондықтан да туысы түгел әне-міне сүйінші хабар күткен.

“Басында алып қашып кетті ме деп ойладым. Балгерлерге де бардым. Бірі күйеуге шықты десе, екіншісі 2 айдан соң келеді дейді”, – деді анасы Гүлайша Сердалиева.

Зере соңғы рет жолдың арғы бетіндегі аялдамадан автобусқа мінген. Тіс дәрігеріне кеткен қыз сол күйі қайтып үйіне оралмаған. Бір айдан бері баласынан хабар ала алмай отырған ананың сұрамаған адамы қалмапты. Алайда аялдамадан автобусқа мініп кеткен қыздың әрі қарай қайда кеткенін ешкім дөп басып әлі күнге дейін айта алмай отыр.

Сәуірдің 17-сі үйден шығып кеткен қыздың қалта телефоны сөндірулі. Оны қос бауыры сағынып жүр. Зерені соңғы рет көрген сіңлісі жоғалар күні әпкесінің көңілді жүргенін айтады.

“Үйдің тірлігін бәрін істеп көмектесіп маған сосын кетті. Мұңайып жүргенін көрген жоқпын. Көңілді кәдімгідей жүрген. Қатты сағындық, өтініш, үйге қайтшы”, – деді сіңілісі Шырын Машарипова.

Сөйтіп, хабаршылар да қарасын көрсетпей, қыздан да еш белгі болмаған соң туыстары ақыры полицияға барған. Десе де, ішкі істер департаментіндегілер мүлдем басқа мәліметті айтып отыр.

“Қыздың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан біліп отырмыз. Анасы арызын бүгін ғана полицияға жазып отыр. Осыған орай іздестіру жұмыстары таңертең басталды. Туыстарының айтуы бойынша қыздың бұрындары да үйден келіп-кетіп жүргені анықталып отыр”, – деді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Іздеу шаралары енді басталған бойжеткеннің әлеуметтік желідегі жазбалары да ойландырмай қоймайды. Тараздағы медициналық коллледж студенті онда өзінің бақытсыз екенін, жауапсыз махабаттың азабын тартып жүргенін жазған. Ал анасы «қызымды көрген білгендер болса хабарлассын» деп телефонын қалдырды. +7 747 763 93 06.

Оқи отырыңыз:

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

Аянышты тұрмыс: 3 мың отбасы балаларымен қоқыс арасында өмір сүруде (фото)

Қазақстанда полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды (видео)

Талқылау