Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында базардан екі нәресте табылды

Алматы облысы аумағында екі нәресте табылды. Олар қазір Қаскелеңдегі балалар ауруханасына орналастырылған.

8989

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

Алматыдағы еріктілер клубы өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда ауруханада екі нәресте жатыр. Олардың бірі “Алтын Орда” базары аумағынан табылған.

“Бір сәбиге 30 күн болса, біреуі 4 айлық. Олардың бірін “Алтын Орда” базары маңына қалдырып кеткен. Қазір олар Қаскелеңдегі аурухананың балалар бөлімінде. Өздерін жақсы сезінеді”, – дейді еріктілер.

Олардың сөзінше, сәбилерге жылы киімдер мен қажетті заттар керек.

“Балаларға нәресте киімдері қажет. Жөргек, емізік секілді заттар да керек. Олардың ата-анасының табылғаны туралы ақпаратты білмеймін, тек бізден көмек сұрады. Балаларға обал әрине”, – деді клуб өкілі.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде 34 жастағы келіншек оныншы баласын өмірге әкелді

Даун синдромы: Балалардың ақыл-ой кемістігі неден пайда болады?

Алматы облысы тұрғынының тісжегіден басталған дерті асқынып қатерлі ісікке айналған (фото)

Ақтөбеде арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып аялап отыр (фото)

Талқылау