Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Бәрі де рахмет үшін!» атты тегін дүкен ашылды

Алматы облысы, Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында «Бәрі де рахмет үшін!» атты тегін дүкені ашылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170608185449

Жобаны аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлсара Әмреева атқарды. Тұрмысы нашар отбасы дүкеннен керекті заттарды тегін алады. Жобаны аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы, әкімдік пен тұрғындар қолдап отыр.

Қайырымды жандардың берген заттарын қабылдап, дүкенге келушілерге қызмет көрсету үшін арнайы жұмысшылар алынды.

«Бүгінгі таңда қоғамда қаржылық және рухани қолдауға зәру жандар өте көп. Біз бизнес өкілдері адамға қиын сәтте көмек қолын созудың маңыздылығын жақсы білеміз. Дүкендегі заттар аз қамтылған, көпбалалы жанұялардың қажетіне жарайды деген ойдамын», – деді Күлсара Әмреева.

Бұған дейін «Бәрі де рахмет үшін!» әлеуметтік дүкені Талдықорған қаласында ашылған болатын. Бұл облыста ашылған екінші дүкен.

Тағы да оқыңыз:

Джеки Чан Астанада қыз баланың тұсауын кесті (видео)

Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіреді

Астанада мешітке барып қайыр сұраған әйелге айыппұл салынды

Талқылау