Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында азамат қарызын қайтармау мақсатында зейнеткерлерді өлтірген

Алматы облысының тұрғыны қарызын қайтармау үшін зейнеткерлерді өлтірген.

16

2015 жылғы 29 қарашада Еңбекшіқазақ ауданында Шелек  және Нұра ауылы маңында екі адамның мәйіті табылды. 74 жастағы ер адам мен 63 жастағы әйел адамның денесінде күштеп өлтіру белгілері бар

Сол күні жәбірленушілер Алматыдан «Ниссан Патрол» көлігімен келген. Жолда дәмханалардың біріне тоқтаған.

Кісі өліміне күдікті Райымбек ауданының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам  қайтыс боған адамдарға ірі сомада ақша қарыз болған. Оны ауыр қылмыс жасауға итермелеген де сол болған.  Қылмыс қаруы – темір арматурасы заттай айғақ ретінде тіркелді.

Екі зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша тергеу Алматы облысы  ІІД тергеу басқармасының өндірісінде жалғасады. Күдікті бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталып, ол қамауға алынды.

 

 

Талқылау