Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауыл тұрғыны өрт сөндіру құралымен полицейге күш көрсеткен

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Космос ауылының 50 жастағы тұрғынына мас күйінде жанжал тудырып, қабырғада  тұрған өрт сөндіру құралын жұлып алып, полицейге қоқан лоқы көрсеткен.

8847710

Сурет авторы: Максим Маслов

Бұл туралы Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауыл тұрғыны заң бұзушылыққа жол бергені үшін құқық қорғау органдарының бөліміне жеткізілді.

Азаматты әріптестері еш қару қолданбай сабасына түсуге көмектесті. Ол ұсталғаннан кейін де полицейлерге қарсылық танытып, көліктің терезесін аяғымен тепкен. Екі полицейдің қызметтік формасын бүлдірген.

Аталған іс бойынша қатысты ҚР ҚК 380-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Келтірілген деректер бойынша, Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасында сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау