Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында аса қауіпті улы дәрілер далада шашылып жатыр

Алматы облысындағы Көктал ауылының тұрғындары бірнеше күннен бері үрей үстінде отыр. Өйткені, ауыл балалары қолына ұстап ойнап жүрген заттар, аса қауіпті улы препораттар болуы мүмкін.

20170518205226

Арнайы көліктермен апарылып, пеште өртелуі тиіс қауіпті қалдықтарды елдімекен маңына кімдердің төгіп кеткені белгісіз, – деп хабарлайды 31 арна.

Гемодез. Диаформин. Депакин. Міне осы сынды дәрілер бұл жерде қорап-қорап болып шашылып жатыр. Сорақысы сол, ойнап жүрген балалар олжа тапқандай бұл заттарды енді үйлеріне тасып әлек.

“Балалар апа мынау қандай дәрі бізге керек пе деп әкепті. Бұл өте қауіпті нәрсе. Бұның срогы өтіп кеткені бір, одан кейін балалар ойнап, байқамай ішіндегісін төгіп, ішіне су құйып ішетін болса, уланып өлуден қалмайды”, – дейді Көктал ауылының тұрғыны Ханшайым Бақтығайымова.

Қарапайым халық түгілі, бүкіл бір ауылға жауапты әкімдіктегілер де Көкталға мұншама дәріні кім төгіп кеткенінен хабарсыз.

“Көктал ауылында бізде арнайы қоқыс толатын  жер жоқ. Бізде қалада тек Өтенай ауылында ғана бар. Бұны енді бір кісілер төгіп кеткен ғой. Енді біз тексереміз. Полиция қызметкерлерімен, учасковыйлармен ол кісілерді тауып, айыппұлдарды салып тексеру жұмыстарын жүргіземіз”, – дейді Еркін ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қанат Рысбеков.

Заң бойынша мерзімі өткен қауіпті препараттар толықтай жойылуы тиіс.

Дәрі-дәрмектерді жоюдың бірнеше түрі бар.

Мәселен:

– Арнайы жабдықталған алаңдарда, үй-жайларда және полигондарда

– Өртеу арқылы;

– Сұйық дәрілер сумен араластыру және алынған ертіндіні өнеркәсіптік кәрізге төгу арқылы;

– Медициналық иммунобиологиялық препараттар залалсыздандырылып және қайнату алқылы жойылады.

Ал, барлығы қатаң бақылауда деген облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл дәрі-дәрмектер дәріханаларға тиесілі болуы мүмкін деп топшалап отыр. Себебі, жекеменшіктегілер жарамсыз дүниелерді жою үшін де қаражат төлеуі тиіс екен.

“Олар арнайы жою пештеріне өткізу керек. Ол үшін негізі қаражат төлеуі керек. Менің ойым қаражат төлемеу, шығын шығармас үшін ауылдың шетіне шығарып, лақтырып тастау тиімді шығар”, – дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлғайша Иманбекова..

Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасындағылар барлық дәрілердің көзін жоямыз деп уәде берді.

Тағы да оқыңыз:

4 жасар қазақ баласы Италияның сән әлемін бағындырады

Ақтау тұрғындары қала маңындағы жарылысты видеоға түсіріп алған

Алматыда 193 жезөкше қызмет көрсетіп жатқан жерінен ұсталды

Талқылау