Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында асыл тұқымды көгершіндерді ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Алматы облысында полиция ауыл тұрғынына жоғалтып алған асыл тұқымды көгершіндерін қайтарып берді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

9267918

Ведомтсваның мәліметінше, осы жылдың наурыз айында Іле аудандық полиция басқармасы ұрлық фактісін тіркеген. Ол туралы 49 жастағы жергілікті тұрғын шағымданыпты. Белгісіз бір адам оның көгершіндерін ұрлап кеткен.

“Бакински” тұқымынан саналатын 10 құсты ұрлап кеткен. Құс иесіне төленетін шығын көлемі 100 мың теңгедей”, – деп хабарлады ІІД.

Жағдайды бақылап, нәтиже шығару үшін орган қызметкерлері құс өсіріп баптайтын мамандардың кеңесіне жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер аймақтағы барлық көгершін асыраушыларды тінтіп шыққан.

“Іле аудандық полиция басқармасы ұрланған он көгершінді ұстап отырған күдіктіні қолға түсірді. Қазір құстар толықтай иесіне қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Талқылау