Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 адамның өмірін қиған апатқа қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысында алты адамның өмірін қиған көлік апатына қатысты сот үкімі шықты. Көлікті тізгіндеген Медет Жұрхабаев сегіз  жылға сотталды. Сондай-ақ жәбірленуші тарап талап еткен моральдық және материалдық шығынды айыпталушы өтейтін болады.

1

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Талдықорған-Текелі тас жолының бойындағы үлкен көлік апатына байланысты сот ісіне бүгін соңғы нүкте қойылды. Сотталушы Медет Жұрхабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Және бес жыл көлікті тізгіндеуге құқы жоқ.

Айта кету керек, жантүршігерлік көлік апатында 6 адам қайтыс болған. Екі отбасы Медет Жұрхабаевты кешірді. Ал бір үйдің екі баласы бірдей қайтыс болған Қарлыға Мұсаева мен қызынан айрылған Баян Маямерова сотталушыдан моральдық және материалдық шығын талап етті.

“Жәбірленушінің өкілдері Маямерова Баян сотталушыдан екі миллион теңге моральдық шығын, бес миллион теңге материалдық шығын, Мұсанова Қарлыға екі миллион теңге материалдық шығын, бес миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылсын”, – дейді Судья Бақытжан Ниязов.

Медет Жұрхабаевтың сот процесіне туыстары келді. Сотталушының әкесі де, анасы да қайтыс болған екен.

Бұған дейінгі сот отырысы барысында белгілі болғандай Медет Жұрхабаев тізгіндеген көлік сотталышуға да тиесілі болмай шықты. Ешбір құжатсыз, тежегіші істен шыққан көлікке адам отырғызған. Және жолдың қарсы бетіне шығып, жылдамдықты асырған. Сол көліктегі бес адам да оқиға орнында тілге келместен көз жұмды. Және қайтыс болған Нұрия есімді әйелдің аяғы ауыр болыпты.

Жәбірленуші тарап талап еткен жалпы құны 14 миллион теңгені және мемлекетке келтірген шығынды өтеу үшін Медет Жұрхабаевқа 3 ай уақыт берілді.  Сотталушы өзінің жазасын қоныс колониясында өтейтін болады.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда екі келіншек жұртқа ерекше жол-көлік оқиғасын көрсетті (видео)

Ақтау полициясы екі баланы қағып кеткен жол-көлік оқиғасының куәгерлеріне іздеу салды

Қытайда көлік жүргізетін әйелдерге арналған бөлек тұрақ жасалды (фото)

Қазақстандық депутаттар қандай көлікпен жүреді? Оларды кімдер тасиды

Талқылау