Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алимент төлемеген азаматты бұрынғы әйелі базарда кірпішпен ұрған

  Бұрынғы  ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік  Алматы облысындағы  базарлардың бірінде  болған. Ұрыс кезінде келіншек ашу үстінде  бұрынғы күйеуінің басына крпішпен ұрған.

женщина

Әйелдің айтуынша ұрыс кәмілеттік жасқа толмаған үш баласына төленбей жүрген алименттен басталыпты.-деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз хатшысы.

Келіншекті Алматы облыстық ІІД қызметкерлері күйеуін аса қатты соққыға жықты деген күдікпен ұстаған. Аталмыш органның хабарлауынша осы іске қатысты  Райымбек ауданындағы Кеген ауылының 31 жастағы азаматы  ұсталып сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетке. Күдікті шақырған уақытта келетіні жайлы қол хат жазып үйіне жіберілген. Ал оның бұрынғы күйеуі ауыр жарақаттың салдарынан ауруханаға жатқызылған.

 

 

Талқылау