Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әккі ұры сатылымға қойылған пәтерлерді тонаған

Алматы облысының тұрғыны Текелі қаласы және Балпық би ауылында сатылымға қойылған үйлерді қарап жүрген. Кейін сатып алушы ретінде танысып, үйді қарау кезінде баспана иелерінің құнды заттарын ұрлаған.

уры

Текелі қалалық соты біреудің мүлкін ұрлады деп айыпталған А.Н-ге қатысты қылмыстық істі қарады.

Осылайша ол 9 мәрте ұрлыққа барған. Жымқырған заттарының жалпы құны 355 500 теңгені құрады.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпаратынша, айыпталушының мүлкі тәркіленіп, оның бостандығы 2 жыл 6 айға шектелді. Сондай-ақ ол жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерде 300 сағат еңбектенетін болды.

Талқылау