Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ағайындыларды өлтіргендердің сыбайластары болуы мүмкін

Қатыгездігімен күллі елді шошытқан осы қылмыстық іске премьер-министр де араласып, арнайы мәлімдеме жасады. Бүгін Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министріне жантүршігерлік істі жеке бақылауына алуға пәрмен берді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Snimok-yekrana-32

“Қауіпсіздікті сақтау негізі жұмысымыздың бірі. Оның үстіне осы қылмыстық оқиға халықтың алаңдаушылығын тудырып отыр. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды”, – дейді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Бұл ретте Ішкі Істер министрі бей-жай қарап  отырмағын көрсетіп қалуға тырысты. Қанды оқиғаның жай-жапсарын премьерге түсіндіріп, малын сатуға шыққан 3 ағайындыны атып өлтіргендердің сыбайластарының бар-жоғы да мұқият тексеріліп жатқанын айтты. Себебі марқұмдардың туыстары білекті, балуан денелі бауырларын екі жігіттің жайратып салғанына сенбей отыр. Ал қолға түскен күдіктілер кінәларын бірден мойындап, марқұмдарды мал тезегімен көміп тастаған қораны да өздері көрсеткен.

“Қамауға алынған күдіктілердің қарулары тәркіленіп, марқұм ағайындылардың 36 бас малы қайтарылды. Қылмыстық істі Алматы облысының Ішкі істер департаменті тергеп жатыр. Менің ойымша, қысқа мерзімде тергеуді аяқтап, істі сотқа жөнелтеміз деп ойлаймын”, – ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет  Қасымов.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.  Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинағанын хабарлаған едік.


Жіберіп алмаңыз:

Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Батыс Қазақстанда ауыр қылмыс жасады деп айыпталған әкімге ашынасы араша түсті

Астаналық заңгер кеңсесінде 3 метрлік алып жыланды асырап отыр (фото, видео)

Талқылау