Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 75 жастағы қария туған ағасын өлтірді деп күдікке ілінді

Жаркент қаласындағы жеке үйлердің бірінде ауыр соққыдан көз жұмған 77 жастағы ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Жергілікті полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның туған інісін ұстаған. Ол жақында Өзбекстаннан Қазақстанға қонаққа келген екен.

“Күдікті ретінде Өзбекстанның 75 жастағы азаматы ұсталып отыр. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып отыр. Ұсталған ер адамның айтуынша олар спирттік ішімдік ішкеннен кейін ұрыс басталып, соңы адам өлімімен аяқталған”, – деп хабарлады Панфилов аудандық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Ербол Бегәділов.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Талқылау