Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 айлығында дүниеге келген сәбидің шетінеуіне ата-ана дәрігерлерді кінәлап отыр

Айтуынша, әйелі ақ халаттылардың кесірінен айынан ерте босанып қойған. 7 айлық боп өмірге келген шақалақтың бастапқыда денсаулығы да жақсы болғанымен, арада жеті күн өтпей шетінеп кетіпті. Сәбиі өліп қайғырған жалғыз бұл отбасы емес екен. Қаскелең ауруханасында өлген басқа да балалардың әкелері оқиғаның қайталанғанын естіп, бүгін айқайға басты, деп хабарлады КТК арнасы.

photo_627

Күні кеше ғана әке атанған Фархат сәбиін әлі иіскеп те үлгермепті. Айтуынша, аяғы ауыр келіншегі дәрігерлердің берген дәрісінен соң  ауруханаға түскен. Жағдайы ауырлаған әйелді ақ халаттылар бірден босандырып алыпты.

«Акушер Рифат келіншегімнің де, баланың да жағдайы тәуір деген. 20 мың теңге ақша сұрады бердім», – дейді Қаскелең кентінің тұрғыны Фархат Тұрымбетов.

Бірақ жағдайы жақсы делінген жеті айлық бала жеті күн өтпей шетінепті. Ал ақ халаттылар қаралы хабарды жеткізгеннен басқа мардымды жауап бере алмаған.

Аурухана басшылығы бүгін де өздеріне шаң жуытқан жоқ. Керісінше,сәбиінің өлімінің себебін білгісі келген әкені тыңдағылары да келмей, күзет шақыртып, науқастардың ызасын тудырды.

Сөйтсе, бұл перзентханадан жылап шыққан жалғыз бұл отбасы емес екен. Ерқуан Егізбаев та осы жерден баласыз кеткен. Оның сәбиін ақ халаттылар шатастырып туберкулезден емдеген екен. Кейін сот сараптамасы баланың тіпті сау болғанын айтыпты.

«Туберкулез деді,  тексертсек туберкулез емес, бауыры езіліп кеткен дәріден, ауыр дәрілерден. Жазасын беру керек, дәрігерлердің. Бәрін тексерту керек», – дейді Қаскелен кентінің тұрғыны Ерқуан Егізбаев.

Ал жеті айлық баласынан айырылып қалған ана енді бұл перзентханаға жоламаспын деп отыр.

«Баламды алып қуанышпен шығарам деп едім. Жылап шықтық.  Осы кезге дейін қанша бала  7 айлық болып туылды, бірақ жағдайы жақсы болып шығатын», – деді Қаскелен кентінің тұрғыны Света Майлыбаева.

Тұңғышын бесікке емес, қара жер қойнауына тапсыруға мәжбүр әке енді сотқа жүгініп, Денсаулық министріне де шағымданбақшы.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандықтарға күнәсін кешірген атышулы 5 оқиға

Дініміз бойынша жаман түс көргенде не істеу керек

Қазақстандықтарға күнәсін кешірген атышулы 5 оқиға

Қазақстандық әже туған немерелерін тегін қараудан бас тартты

Талқылау