Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 3 балабақшадағы бомба туралы хабарға сәйкес полицейлер аяқтарынан тік тұрды

Алматы облысында полицейлер анонимді қоңырауға байланысты үш бірдей балабақшаны тексеріп, жарылғыш затты іздеді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

08-0968574635

Сағат 13:30 шамасында Талғар аудандық полиция бөлімшесіне Қызыл Қайрат ауылындағы балабақшалардың бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан қоңырау келіп түседі. Белгілі болғандай ауылда үш балабақша бар екен. Оның бірі жалпы білім беретін мектеп ішінде орналасқан.

“Хабар келіп түскеннен кейін аудандық полицияның жеке құрамы межелі жерге аттанды. Қызметкерлер аталаған аумақты қоршауға алып, балабақшадан 260-тан астам адам шығарылды. Оның 217-сі балалар. Сол жерде саперлер, құтқарушылар, прокуратура қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі таңда иісшіл иттермен ғимарат іші тексеріліп жатыр”, – деді облыстық ІІД.

Ведомства полицейлердің тексеріс әрекеттеріне байланысты халықтан тыныштық сақтап, сабырға келуді сұрауда.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында екі жігіт асқан қатыгездікпен зорлаған бойжеткен өз өмірі үшін қорқып жүр

ШҚО-да 80 жастағы әже сүрініп кетіп немересінің көзінше суға батып кетті

Әйелімен жанжалдасқан қарағандылық өгей қызын зорламақ болған

Зырянов ауданынан былтыр қыста жоғалған азаматтың өлі денесі табылды

Талқылау