Алматы облысында 3 айдың жалақысын алмаған казино қызметкерлері аштық жариялады

Алматы облысында казино қызметкерлері үш айлық жалақыларын талап етіп, аштық жариялады. Айлығын даулағандардың жалпы саны 420 адам. Дилерлер, даяшылар, тіпті күзетшілер жабылып қалған бос казинода бір айы бойы тұрып жатыр. Бұлар барар жерлері жоқ қызметкерлер. Бұл туралы КТК  арнасы хабарлады.

Алматы облысында 3 айдың жалақысын алмаған казино қызметкерлері аштық жариялады

Ал бұл мәселеге қосылған жергілікті шенеуніктер оларға көмектесуге уәде берді. Алайда, жалақыларын ала алмай отырған жұмысшылар біреуге сенуден қалған және казино басшылары оларға ақша бермейінше аштық жариялаймыз дейді.

Өткен айда жұмысын тоқтатқан казино қожайындары болса, 420 адамның мәселесін былай ысырып, өзара кескілесіп жүр екен.

Бұрын бұл жерде ойынхана қонақтарына мол дастархан жайылатын. Ал, қазір ашынғаннан аштық жариялағандар жатыр.

“Екінші күн болды аштық жариялағанымызға. Қан қысымым түсіп, қол аяғымыз дірілдеп жатыр”,- дейді казино қызметкері Әсел Көбенова.

Айлығын даулағандардың жалпы саны 420 адам. Бәрі де қожайындары бір -«Алтын алма», «Алма city» казиноларында жұмыс істеген. Өткен айда ойынханалар аяқасты жабылыпты. Сол кезде 3 айлық ақшаларын сұрап, баса-көктеп кірген жұмысшылар әлі де осында жүр. Көк тиын көрмеген соң, олар қарызға белшеден батыпты.

Сондай-ақ, казино жанында тіпті жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқаруда. Ал, жүрегі ауыратын жалғызбасты ана Диана Фадееваға аш жүруге, қобалжып, ашулануға болмайды. Оның сөзінше, осылай аштық жарияламаса, оларға ешкім назар аудармайды.

«Бізді осындай жағдайға дейін жеткізді, сондықтан аштық жариялап отырмыз. Өйткені, бізге бұдан шығатын басқа жол жоқ. Бәріміз көк тыйынсыз отырамыз. Бәрінің екі-үштен балалар бар, оның үстіне көбісі несие алған”,-дейді Диана Фадеева.

Ең сорақысы, ойынхана иелері бұларды қызметке құжатсыз қабылдаған. Сондықтан, құзырлы орынға жүгіне алмайды. Есесіне, шенді-шекпендінің табалдырығын тоздырған. Бұл мәселеден хабары болса да казиноға бүгін ғана келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар істі жеке бақылауға алғанын мәлімдеді. Ол тексеру үшін жұмыс тобын құрып, содан кейін ғана казино басқармасымен келіссөздер жүргізетінін айтты.

“Мәселенің мән-жайын анықтауымыз керек. Жаңағы екі акционермен жұмыс жүргізіп, сіздердің жалақыларыңызды алуға біз жұмыс істейміз”,-дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Қос қожайынмен кім сөйлессе де қаражат өндіріп алулары екі талай. Өйткені, олар өзара қырқысып жүр екен. Екеуі келісімге келмей, қарыздары қайтарылмақ емес.

“Қожайындар өзара келісімге келе алмай жатқандықтан, мына «Алма city» ғимараты сатылмай жатыр. Сатылғаннан кейін барлық қарызымызды төлейміз. Екеуінің де келісімі керек. Екі қожайынның да. Келісім бермейінше сатылуы мүмкін емес”,-деп түсіндірді казино директоры Ерлан Қашағанов.

Ал, жұртқа ақшаларының тез арада берілгені керек. Сондықтан, аштық жариялау шарасын әлі тоқтатқан жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар