Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 20 форель балығын ұрлаған жігіт ұсталды

Еңбекшіқазақ АІІБ-не жергілікті форель шарушылығының жұмысшылары 50 мың теңге тұратын 20 тал форель балығын ұрлау ісі бойынша арызданған.

1_8

Бұл туралы Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Тергеу ісі кезінде форель балығын аулайтын шаруашылыққа бейтаныс жігіттің келіп 20 форель балығын әкеткені белгілі болды. Ол балықтың ақшасын төлемей, жасырынған күйі белгісіз бағытпен қайтып кеткен. Айғақтар бойынша, аталған іске күдікті ертінде 18 жастағы Ташкенсаз ауылының тұрғыны ұсталды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындап тағылған айыппұлды төлеуге немесе алған балықтарын қайтарып беруге дайын екенін айтқан.

Талқылау