Алматы облысында 11-сынып оқушысы 7-сыныпта оқитын жеткіншекті зорлаған

Сәрсенбі, 11 Қазан , 2017 23:01

Алматы облысында жаға ұстатарлық жағдай. 11 сыныпта оқитын жеткіншек 7 сыныптың оқушысын зорлады деп айыпталды. Оқиға Панфилов ауданында болған. Ал істі болып жатқан бала да, зорланған қыз да бір мектептің оқушылары.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Биыл 11 сыныпқа барып, партада отыруы тиіс Ернар қазір айыпталушы орындығында. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің соты жабық режимде өтіп жатыр. Оқиға биыл тамыз айында Панфилов ауданында болған. Жәбірленуші тараптың сөзінше, айыпталушы жеткіншек қызбен «вконтакте» әлеуметтік желісі арқылы сөйлесіп жүрген көрінеді. Түнгі он екілер шамасында оқушы қызды кездесуге шақырған күдікті алдымен арам пиғылын жүзеге асырып, артынша өзі үйге әкеп тастаған дейді шағымданушы тарап.

«Еңбектеп келіп, кешірім сұраудың орнына енді бізді кінәлі қылып шығып отыр ұятсыздар. Билікті сатып аламыз дейді, прокурордың, судьяның үстінен сөйлейтін кімдер бұлар?» – дейді жәбірленушінің туысы Жанар Тұранқазықызы.

Барлығы да қыздың келісімімен болды деген айыпталушы тараптың сөзі үстімізден жай түсіргендей болды дейді жәбірленушілер. Ар-намысымыздың тапталғаны аздай, енді істі бұрмалатуға жол бермейміз. Егер сот әділ шешім шығармаса жоғары сотқа дейін соттасуға дайынбыз дейді.

«Ана балаға аяушылық танытпайды емес, танытар едік. Егер ол бала о баста мойындаса кінәсін, бұл жерде бала о баста мойындамай кінәсін, кейін тергеу амалдары басталғаннан соң, медициналық сараптама шыққан соң ғана мойындап отыр кінәсін», – дейді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Кәмшат Есмұханбетқызы.

Ал айыпталушы тарап оқушылар қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген дегенді де айтады. Бірақ сот бітпейінше сұхбат бере алмайтындарын жеткізді.

Панфилов ауданында болған жантүршігерлік оқиға қазір Талдықорған қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. 13 жастағы қыз баланың тағдырына балта шабылды деген жәбірленуші тарап іс бұрмаланып кетеді ме деп алаңдаулы. Ал биыл 8-ші сыныпқа баруы тиіс оқушы әлі мектепке де бармаған.

Жіберіп алмаңыз:

25 жастағы жігіт көлік алған күннің ертеңінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды (фото)

«Тарт қолыңды Торғайдан»: Белсенділер зымыран бөліктері құлайтын жердің бөлінуіне қарсы шықты

Семей тұрғыны интернетте жалған ақпарат жазғаны үшін сотталды

Елімізде асырауға алынған ұл-қыздарды балалар үйіне кері қайтару дерегі өршіп барады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар