Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жігіт мінген көліктің жүксалғышынан аяқ-қолы байлаулы адам табылды (видео)

Жол-патрулдік полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек тас жолының бойында 26 сәуір күні кешке Маңғыстау облыстық мемлекеттік нөмірін таққан Lada маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде полиция қызметкері жүксалғыштан адам дауысын естиді.

Безымянный

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Құжаттарды тексеру кезінде көлік жүргізушінің сабырсыздануы полицейдің күдігін туғызады. Ол көлікті тексермекке бекініп, жүксалғыш жақтан дауыс естіп, оны ашуды талап етеді. Алайда көлік иесі жүк салғышты ашудан бас тартқан. Осы кезде багаждағы адам айғайлап, оны ақыры ашады.

Багажда аяқ-қолы байлаулы адам жатқан. Көліктегі үш жігіт дереу тұтқынға алынып, оқиға орынына жедел-тергеу тобы шақыртылған. Ұсталғандардың екеуі ештеңені түсіндіріп бере алмай, тек Шымкентке бара жатқандарын айтыпты. Адамды неге ұрлағанын да олар түсіндірмеген. Ал үшінші адам болса, багажда әлдекімнің жатқанынан хабарсыз болдым депті.

5900d7d6b1a7a250405541

Ұрланған адамның айтуынша, оның ұсталғандармен ортақ ісі болған. Оның қандай іс екенін ашып айтпапты. Белгілі болғандай зардап шегуші көлігіне жанармай құйып жатқан кезде, тура бекеттен оны ұрлап кеткен. Содан кейін тауға апарып оны аямай ұрып, багажға тиеп Шымкентке бет алған. Оның айтуынша, көлікке отырған үшінші адам багажда адам жатқанын көрген, бірақ, еш шара қолданбапты.

5900d83c24b95947597194

Қазіргі таңда істі құқық қорғау органдары өз бақылауына алып, сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.

Оқи отырыңыз:

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты

Талқылау