Алматы облысында үш бүлдіршінді бірдей зорлау оқиғасы анықталды

Алматы облысында үш баланың ата-анасы балаларына өзгеледің тиіскенін айтып арыздануда.

Алматы облысында үш баланы бірдей зорлау оқиғасы анықталды

Зардап шегушінің бірі 6 жасар қыз. Полиция тек жәбірленушілердің талабынан соң сот-медициналық сараптама тағайындаған. Ал, білім беру басқамасындағылар мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқан, деп хабарлайды 31 арна. 

Білім басқармасында басшыларының орнында жоқ екенін айтты.

«Біз ол жерге барып, татуласу жөнінде ұсынған жоқпыз. Баланың жағдайын білу үшін, не жағдай болып жатқанын білу үшін бардық», – дейді Қарасай аудандық білім бөлімі басшысы Әсет Нұрекенов.

Бұл оқиға құпиясы көп. Тек зардап шегуші мен күдіктілердің кәмілетке толмағаны белгілі. Мұндай жағдайда заң бойынша жәбірленуші мен қылмыскер жайлы ақпарат таратуға болмайды.

«Жәбірленушінің үйіне 10 адам келді. Оларды кіргізбегеніне қарамастан түнгі сағат 22:00-де қайта келді», – дейді адвокат Айман Омарова.

Олар аудандық білім бөлімі қызметкерлері. Қызметкерлер баланың ата-анасынан зорлық көрсеткендерді кешіруін сұраған.

ІІМ-де Қарасай ауданында тамыз айында кәмілетке толмағандарға зорлық көрсету ісіне қатысты  үш факт тіркелгенін айтты. Күдіктілердің бәрі кәмілетке толмағандар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар